Date of publication: 26.09.2018 12:16
Date of changing: 26.09.2018 12:20

       2018 жылдың 25-ші қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінде «Жамбыл облысы бойынша МКД-нің жемқорлық сыбайластыққа қарсы жол бермеу туралы Іс-шараларды жүргізу» тақырыбына кеңейтілген бірлескен жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінің басшысы М.Нәлібаев, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық  бюро басшысы А.Әшірбаев,  Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  басшысы Қ.Исақов.

      Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  басым бағыттарының бірі болып табылады.         Жыл сайынғы Жолдауларында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев  сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі шараларды ең маңызды міндеті деп назар аударады. «Ұлттық жоспар - 100 нақты қадамдар» бағдарламасында  институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін, «замануи мемлекеттік аппарат қалыптастыру», сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, басқа да тиімді шараларды қабылдауы қарастырылған.
       Ішкі жұмыстарды атқару барысында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментімен бірігіп  сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Жамбыл облысында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

 Бұл шаралардың барлығы сыбайлас жемқорлық фактілерін  азайтуға бағытталған.
          2015-2018 жылдар  аралығында сотқа дейінгі жүргізілетін тергеу шараларын Статистикалық тіркеу есебіне сүйенсе, онда бұл жақтан жағымды нәтижелерді байқауға болады. Осындай нәтижелер өз алдына және облыстық жемқорлық сыбайлас қарсы қызметімен бірігіп қол жеткізгенін көрсетеді.

       Атап айтқанда, облыстық жемқорлық сыбайлас қарсы қызметімен бірігіп, ағымды жылдың 8 ай  қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірінғай реестрінде Департаментінің  лауазымды қызметкерлерінің  жасаған сыбайлас жемқорлық 5 құқық бұзушылық фактісі  анықталды және тіркеу есебіне  алынды.

         Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тудыратын  өзекті мәселелер талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды ықпал ететін факторларды алдын алу және болашақта болдырмау үшін тиісті іс-шаралар белгіленген.