Date of publication: 14.09.2018 15:43
Date of changing: 14.09.2018 15:48
 «Чек талап ет жүлде ұтып ал Акциясы жалғасуда  
 
     Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясының жалғасып жатқандығын хабарлайды.  
    2018 жылдың 21 мамырынан бастап 30 қарашаға дейін барлық азаматтардың салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға тағы да қатысуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар жүлде ұтып алу мүмкіндігін де ескерген жөн. 
     Өткізіліп жатқан Акцияның мақсаты:
- азаматтық белсенділікті арттыру және халықтың салықтық сауаттылығын дамыту;
-  азаматтардың құқықтық мәдениетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тәрбиелеу;
- көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту;
- кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру.
       Екі кезеңде өткізілетін жалпы республикалық іс-шара болып табылатын Акция бірінші кезеңде - барлық облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді.
       Екінші кезең - Гранд финал ағымдағы жылдың соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар, соның ішінде бас жүлде-автомобиль ойнатылады.
      Акцияға тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алуды растаған фискалдық чектің суретін Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
        Фискалдық чек берілмеген жағдайда азаматтар осы бұзушылықтар бойынша шағымдана алады.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чекті кездейсоқ электрондық таңдау әдісі бойынша анықталады.
      Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында осы Акция туралы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұрады. Бұл жолы біздің қызметкерлер Тараз қаласының Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студеттері мен оқытушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.    
        Қорытындылай келе облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды ескертеміз!