Date of publication: 15.08.2018 17:38
Date of changing: 16.08.2018 18:26
«Тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау» және "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту"
 мемлекеттік қызметтерін ұсыну.
 
     Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау «Тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау», "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік қызметтері келесі негіздерде:
- ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің «Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды сыныптау» туралы 4 тарауына және "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту" туралы 9 тарауына сәйкес;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің   «ҚР ҚМ 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 «ҚР мемлекеттік кірістер органдарымен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту» туралы бұйрығының «Тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау» туралы 39 қосымшасына және "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту" туралы 51 қосымшасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 06 наурыздағы №150 бұйрығына;
- ҚР ҚМ 2018 жылғы 14 ақпандағы «Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» № 180 бұйрығына;
- ҚР ҚМ 2018 жылғы 16 ақпандағы «Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарларды сыныптау туралы алдан ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы» № 200 бұйрығына;
- ҚР ҚМ 2018 жылғы 16 ақпандағы «Тауарлардың шығу елі туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарлардың шығу елі туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарлардың шығу елі туралы алдан ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы» № 201 бұйрығына сәйкес
     Тауарларды жіктеу, қаралып отырған тауарды СЭҚ ТН сәйкес тауарды белгілі бір тауар позициясына, субпозиция мен подсубпозициясына кезеңмен жатқызу болып табылады.
Тауарларды жіктеу төмендегі басты белгілерден тұрады:
  1. Тауар атқаратын қызметтер;
  2. Тауардың жасалған материалдары.
     Осыған орай, тауарларды жіктеу барысында СЭҚ ТН талдаудың басты ережелеріне (ТБЕ) және тарауға ескертпелерге, топтарға (соның ішінде тауарлық позицияларға және субпозицияларға ескертпелерге), сондай-ақ спецификалық жіктеу мәселелерін түсіндіретін қосымша түсіндірмелерге сәйкес, олардың өңдеу дәрежесін есептегенде тауарды бірыңғай подсубпозицияға орналастыру тәртібі сақталады.
ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім кеден органдарымен ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 Бұйрығымен бекітілген үлгісіне сәйкес тұлғамен ұсынылған өтініші бойынша қабылданады.
     Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабыл туралы өтініш, тауарлардың саудалық атауын, фирмалық атауын (тауарлық белгісін), басты техникалық, саудалық сипаттамаларын және тауарды дұрыс жіктеуге көмектесетін басқа да ақпараттарды және де тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім үшін төленетін кедендік алымдар туралы ақпаратты қамтуы қажет.
    Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім үшін төленетін кедендік алымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 Қаулысы бойынша 32000 (отыз екі мың)  теңгені құрайды.
    Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау туралы қағаз жүзінде ұсынылған өтінішке қосымша тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім үшін төленетін кедендік алымдар туралы құжаттың көшірмесі ұсынылады.
   Алдын ала шешім, өтініш түсіп, тіркелген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтініш берушімен ұсынылған құжаттар тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз немесе толық ұсынбаған жағдайда, кеден органы он жұмыс күнінен кешіктірмей қосымша құжаттарды ұсыну туралы хатты өтініш берушіге жолдайды.
   Сұратылған қосымша ақпараттар мерзімінде ұсынылмаған немесе ұсынылған ақпарат тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті мәлеметке сәйкес келмесе, кеден органы тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдаудан бас тартады және бас тарту себебін көрсете отырып өтініш берушіні хабарландырады. Бірақ тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін төленетін кедендік алымдар қайтарылмайды.
    Алдын ала шешім қабылданғаннан кейін 3 жыл мерзім ішінде қолданыста болады.
 
              
                      "Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту"
     Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту мемлекеттік қызметі -  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 284 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
      Мемлекеттік  қызметті ұсынудың нәтижесі болып:
1)кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсыну туралы шешім;
2) Стандарттың 10 тармағында көрсетілген негіздемелерге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді түрде бас тарту.
Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті және Кодекстің 92-бабының 3-тармақтарғында айқындалған негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі:
          1) әкелінетін шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін жеткізу туралы сыртқы сауда шарты (келісімшарт, келісім);
         2) әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті).
Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздемелер болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің өкімінде кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсынуға ниеттенетін тұлғаларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша берешегі бар, не аталған тұлғаларға қатысты банкроттық рәсімі қозғалған немесе кеден заңнамасын бұзушылықтармен байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат болған жағдайда;
  1. көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге осы
мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында тізбеленген қажетті мәліметтер мен құжаттарын ұсынбауы.
Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсыну туралы шешім кеден органдарымен ҚР ҚМ 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығымен бекітілген өтініш үлгісінің негнізінде қабылданады.
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
     Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.