Date of publication: 13.08.2018 16:02
Date of changing: 13.08.2018 16:03
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясының
 1-кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау
 
     Бүгін, 2018 жылдың 13 тамызында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясының 1-кезеңінің Жамбыл облысы бойынша шілде айының жеңімпаздарына салтанатты түрде бағалы жүлделерді табыстау рәсімі өтті.
Сыйлықтардың бақытты иегерлері болып Тараз қаласының тұрғындары Виктория Ивановна Бирюкова және Әсел Сейтқасым-қызы Жанысбаева атанды. 
     Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Өмірзақ Қоспанов жеңімпаздарды құттықтап,  жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар – тұрмысқа қажетті техника табыстады.
     Құттықтау сөзінде Ө. Қоспанов жеңімпаздарды Акцияға белсене қатысқандарына алғыс айтып, супержүлде - жеңіл автокөлікті ұтып алуына тілектес болды. Сонымен қатар, Акцияға қаншалықты көп фискалды чектердің қатысқаны сайын, бас жүлде - жеңіл автокөлікті ұтып алу ықтималдығының зор екендігін атап өтті. Жеңімпаздарға туған-туысқандарын, дос-жарандарын тарту арқылы Акцияға қатысушылар санын көбейту туралы тілек айтылды.
     Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып және 2018 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтетін басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды ескертеміз.