Date of publication: 23.09.2015 16:44
Date of changing: 30.05.2019 16:48

Зикеев Ерлибек Киргизбаевич

1962 жылы  Жамбыл облысы Қордай ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген.

   Алматы халық шаруашылығы институтын 1988 жылы «экономика» мамандығы бойынша бітіріп,  экономист  квалификациясын және  екінші жоғарғы білімін 2001 жылы Қырғыз-Ресей академиясында  құқықтану мамандығы бойынша алды.

      Еңбек қызметі:

  • «Алмалы» совхозының жұмыскері, Жамбыл облысы, Қордай ауданы (1979-1980);
  • Әскери қызмет қатарында (1980-1982);
  • «Алмалы» совхозының жұмыскері, Жамбыл облысы, Қордай ауданы (1982-1985);
  • «Искра» совхозының бухгалтері, Жамбыл облысы, Қордай ауданы (1986);
  • Мемлекеттік банкінің Георгиевка бөлімшесінің бас экономисті, Қордай ауданы (1986-1991);
  • «Қордай» коммерциялық банкінің басшысының орынбасары, Қордай ауданы (1991-1995);
  • «Крамдсбанк» бөлімінің басшысының орынбасары, Қордай ауданы (1995-1997);
  • ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы бойынша салық комитеті Қордай ауданы бойынша салық комитетінің жеке тұлғалардың табысына және басқа да табыстарға салық салу бөлімінің бастығы, Қордай ауылы, (1997-1998);
  • Қордай ауданының әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы (1998-1999);
  • ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы бойынша салық комитеті Қордай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қордай ауылы (1999-2006);
  • ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы бойынша салық комитеті Т.Рысқұлов ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Құлан ауылы (2006);
  • ҚР ҚМ СК Қостанай облысы бойынша салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және ішкі бақылау басқармасының бастығы-заң бөлімінің бастығының м.а., Қостанай қаласы (2006-2007);
  • ҚР ҚМ СК Қостанай облысы бойынша салық комитеті Рудный қаласы бойынша салық комитетінің бастығы, Рудный қаласы (2007-2008);
  • ҚР ҚМ СК Қостанай облысы бойынша салық департаменті Рудный қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Рудный қаласы (2008-2010);
  • ҚР ҚМ СК Алматы облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы (2010-2011);
  • ҚР ҚМ СК Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Өскемен қаласы (2011-2013);
  • ҚР ҚМ СК Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Өскемен қаласы (2013-2014);
  • ҚР ҚМ СК Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары, Өскемен қаласы (2014-2018);
  • ҚР ҚМ МКК Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тараз қаласы  бойынша  Мемлекеттік кірістер  басқармасының  басшысы, Тараз қаласы (2018);
  • ҚР ҚМ МКК цифрландыру және мемлекеттік қызмет департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшыысы (2018-2019);
  • ҚР ҚМ МКК ақпараттық технологиялар департаменті келісімдерді жүргізу басқармасының басшысы (2019);
  • 08.05.2019 жылдан бастап ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2001 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;

2005 жылы  «Қазақстан Коститутциясына 10 жыл» мерекелік медалі;

2011 жылы «Салық қызметіне 20 жыл» төс белгісі;

2012 жылы мінсіз  мемлекеттік қызметі және ҚР қаржы саласының дамуына қосқан үлесі үшін, «Салық қызметінің үздігі» төсбелгілері берілген.

 

Қалдарбеков Мұса Оспанұлы

20 қаңтар 1972 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Семей  жеңіл өнеркәсіп  техникумын 1991 жылы «техник – механик» мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғарғы білімін 1997 жылы Алматы технологиялық институтында «инженер-техник» мамандығы бойынша алды. 2001 жылы Алматы технология және бизнес университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы:

  • Кентау тігін трикотаж  фабрикасының  слесарь-жөндеушісі болып бастаған.
  • 1991-1995 жылдар аралығында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында  жұмысшы, кондитер.
  • 1995 – 1997 жылдар аралығында «Кереге» ШМК директорының орынбасары, Алматы қаласы.
  • Салық органдарындағы еңбек жолын маман, аға инспектор лауазымында 1997 жылдан бастаған;
  • 2001-2008жж. Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша, Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің өңдіріп алу бөлімінің бастығы, Алматы қаласы;
  • 2008-2010 жж. аралығында Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасы  бастығының орынбасары, Алматы қаласы;
  • 2010-2011 жж. Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы  бастығының орынбасары, Алматы қаласы;
  • 2011-2014 жж. Батыс Қазақстан облысы  бойынша Салық департаменті  басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
  • 2014-2019 жж. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
  • 21.05.2019 жылдын бастап ҚР Қаржы  Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2012 жылы «Салық қызметінің үздігі» атағы;

2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі берілген.

Сагитов Еркебулан Ерболович

28 қазан 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

      Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін 1998 жылы «ғалым агроном» мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғарғы білімін 2001 жылы Ақтөбе мемлекеттік емес  «Нұр» менеджмент, бизнес және құқық институтында «заңгер» мамандығы бойынша алды.

Еңбек жолы:

  • 1998-1999 жж.-менеджер, АСӨБ «Алматы», .Алматы қ.;
  • 1999-2001 жж. – ҚР МКК КК Ақтөбе облысы бойынша Кедендік басқармасы «Теміржол» кеден бекетінің инспекторы;
  • 2001 ж. – Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің инспекторы;
  • 2001-2002 жж. – Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қаржылық қылмыстарды анықтау бойынша 1- басқармасының 1-бөлімінің инспекторы;
  • 2002 ж. – Алматы қ., «Азық-түлік контрактілік корпорациясы» ЖАҚ Сыртқыэкономикалық қызмет бойынша департаментінің менеджері;
  • 2002 ж. - ҚР МКК КК Алматы қ. бойынша Кедендік басқармасының инспекторы, аға инспекторы;
  • 2002-2004 жж.- ҚР ҚМ КБК Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы, маманы, бас маманы;
  • 2004-2007 жж. ҚР ҚМ КБК Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Сүйінбай» кеден бекетінің бастығының орынбасары;
  • 2007-2009 жж.- ҚР ҚМ КБК Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің аға маманы, бас маманы;
  • 2009-2010 жж.- ҚР ҚМ КБК Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Энергетический» кеден бекеті бастығының орынбасары;
  • 2010-2012 жж.- ҚР ҚМ КБК Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Энергетический» кеден бекетінің бастығы;
  • 2012-2013 жж.- ҚР ҚМ КБК Энергоресурстарды кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары;
  • 2013-2014 жж.- ҚР ҚМ КБК Энергоресурстарды кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас эксперті;
  • 2014 ж.- ҚР ҚМ КБК Кедендік бақылау департаменті «Семей» кеден бекетінің басшысы;
  • 2014-2015 жж.- ҚР ҚМ МКК ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Семей» кеден бекетінің басшысы;
  • 2015-2019 жж. - ҚР ҚМ МКК ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
  • 30.05.2019 жылдын бастап ҚР Қаржы  Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2014 жылы «Кеден қызметінің үздігі» төс белгісін алды.