Date of publication: 16.04.2018 18:26
Date of changing: 17.04.2018 10:22
Республикалық арнайы мониторинг топ Жамбыл облысында
 
     Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған, құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтық комитет төрағасы Мұсағали Дуанбеков, ҚР этнодизайнері Ырза Тұрсынзада, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Агенттік) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов, Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Мұрат Байсалов, Агенттіктің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин барреспубликалық арнайы мониторинг топ мүшелері және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Налибаевпен бірге 16.04.2018 жылы Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысымен танысты. Тараз қаласы мемлекеттік кірістер басқармасынынң басшысының м. а. Г. Джигитекова және бөлім басшылары қонақтарға толық экскурсия өткізіп, Қызмет көрсету орталықтары жұмысының барысы туралы хабардар етті. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша таныстырып өтті.
    Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының 2018 жылы 15 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілгенін оның ішінде 2017 жылы -289094, 2018 жылы 1 тоқсанда -103628 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілгені бойынша айтылып өтті.