Date of publication: 27.07.2015 18:00
Date of changing: 27.07.2015 18:34

           Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 577 бұйрығымен бекітілген бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ салықтар және кедендік төлемдер бойынша бірыңғай бюджеттік сыныптамалары 01 шілде 2015 жылдан бастап қысқартылады.

     Аталған өзгерістер негізгі бұйрықтармен - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 420 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Бірікен бюджеттік сыныптамасының кейбір сұрақтары» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  № 403 бұйрықтарымен реттеледі.

    Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап бірыңғай бюджеттік сыныптамасына Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ болып қосылудың (ҚР Қаржы Министрінің 20.01.2015 жылғы №37 және 19.05.2015 жылғы №306 бұйрықтары) нәтижесінде қосымша кедендік төлемдерден 7 бюджеттік сыныптамалары қосылды.

    2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 215 бюджеттік сыныптамалардан  бүгінгі күнге 119 бюджеттік сыныптама қысқартылды, немесе қолданыстағы бюджеттік сыныптамадан  96 бюджеттік сыныптама ғана қалды.

     Қажетті мәліметтерді аумақтық кірістер басқармаларынан және Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаласынан, екінші деңгейдегі банктерден, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мына телефоны арқылы 8/7262/ 45-70-82 хабарласып алуға болады.