Date of publication: 06.03.2018 17:57
Date of changing: 06.03.2018 18:00
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай турнир ұйымдастырылды
 
     Астана қаласының 20 жылдығына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай үстіміздегі жылдың 6 наурызында Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік әйел қызметшілер арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті.
Жарыстың жалпы басшылығын Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысының үстел теннисі федерациясы жүргізді.
     Жарыстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, жеке құрам арасында достық қатынасты орнату, айтулы мерекелерді спорт арқылы атап өту.
     Жарысқа облыстық және аудандық мемлекеттік қызметкерлерден жасақталған 17 командаға бөлінген ару қыздар қатысты.
     Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен турнирге Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасының бас маманы Әсел Жаңабаева және Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Раушан Сейдазимова қатысты.
     Жарыстың қорытындысы бойынша командалық түрде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жүлделі 2-орынды иеленсе, ал жекелеген командада біздің ару қыздар Әсел мен Раушан 3-орынды иеленді.  
     Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаметінің қызметкерлері Әсел мен Раушанды 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен және турнирдегі жеңістерімен шын жүректен құттықтайды!