Date of publication: 10.01.2018 12:14
Date of changing: 10.01.2018 12:16
Құрметті салық төлеушілер!
 
      ҚР «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 19 бабына сәйкес мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.
   Сонымен қатар, автожанармай құю станцияларынан (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда)  мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.
       Аталған Заң ережесі:
Астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін 2019 ж. 1 қаңтардан бастап;
жоғарыда көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі