Date of publication: 25.09.2017 17:35
Date of changing: 25.09.2017 17:43
     Ұлтымыздың «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» жоспарының бірнеше тармағы салық және кеден саясатын тиімді ету мәселесіне бөлінген.
      Мысалы, ағымдағы жылдың басынан бастап Бірыңғай кеден тарифінің (БКТ) кедендік баждар санын сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (СЭҚ ТН) 0-5-12 үлгісін бірыңғай тауар топтары аясында 6 белгі деңгейінде қысқарту қарастырылып жатыр.
    Қазіргі уақытта Бірыңғай кеден тарифінде 0 бастап 80% дейінгі кедендік баждың әр-түрлі ставкалары белгіленген, соның ішінде СЭҚ ТН бірыңғай тауар топтары аясында 6 және 9 белгі деңгейінде. Аталған рәсім импорттық кеден бажының барлық ставкалары кедендік құннан 0%, 5% және 12 % деңгейінде белгіленетінін жоспарлайды.
     Қазіргі уақытта ЕАЭО СЭҚ ТН 97 тауар тобынан 96 тауар тобында СЭҚ ТН әр тауар позициясының ішінде бірыңғай төмендету қағидасын сақтай отырып бұрынырық енгізілген әкелінетін баждар ставкаларының 0,2% дан  3,8 % дейін төмендегені белгілі болды.
    Қажеттігіне қарай сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары өздерін қызықтырған нақты тауардың әкелінетін кедендік баж ставкалары бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Еуразиялық экономикалық комиссияның арнайы сайтынан және сілтемесінен: https://kgd.gov.kz/tnved/ және http://www.eurasiancommission.org/ru/act/trade/catr/ett/Pages/default.aspx ала алады.