Date of publication: 21.09.2017 12:17
Date of changing: 21.09.2017 12:19
«Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясы жалғасуда
 
      2017 жылдың 1 мамырынан  30 қарашасына дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Чек талап ет - сыйлық ұтып ал!» Акциясын өткізуде.
      Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері халық арасында осы Акцияға қатысу туралы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп келеді. Бүгін түсіндіру жұмыстары «Алатау» сауда орталығында жүргізілді.  
Атап айтқанда Акция екі деңгейде өтілетіні түсіндірілді:
    Бірінші дейгей - Мемлекеттік кірістер департаменті жанында облыс деңгейінде және Астана мен Аламаты қалаларында;
      Екінші деңгей - Комитет жанында республикалық деңгейде.
      Акцияның жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.
     Бірінші деңгейде сыйлықтарды ойнату және жеңімпаздарды анықтау Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде осы жылдың мамыр айынан бастап ай сайын өтіп келеді.
      Ойынның жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталып отыр.   
      Сондықтан, чек қаншалықты көп жолданса, соншалықты қатысушыларда сыйлық ұтып алу мүмкіндігі бар.
      Гранд мәресі Мемлекеттік кірістер комитетінде ағымдағы жылдың аяғында өтеді, онда құнды сыйлықтар және басты жүлде-автомобиль ойнатылады.
       Чек талап етіп, Акцияға қатысыңыздар және сыйлықтар ұтып алыңыз!