Date of publication: 13.09.2017 16:47
Date of changing: 13.09.2017 16:50
Салықшылар халыққа шықты!!!
 
 
       2017 жылдың қыркүйектің 6 мен 8-аралығында Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Е. Кушановпен Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Э. Берденова Мерке, Шу және Қордай аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында салықтөлеушілердің, аймақтық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, "Нұр-Отан" партиясының және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен келесі тақырыптарда семинарлар өткізді: «Есепке алу бақылау аспаптары», «Wipon Pro» және «Алкоголь өнімін сату қызметін лицензиялау» және «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясы бойынша.
         Кездесу жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен, алкоголь өнімін және мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғалардың басшыларымен және бухгалтерлерімен аудандық Әкімдіктердің, "Нұр-Отан" партиясының мәжіліс залдарында өтті.  
        Аталған шара барысында есепке алу бақылау аспаптарын жанар-жағар май құю станцияларында орналастыру, «Wipon Pro» қосымшаны пайдалану және «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясының өткізу шарттарының мәселелері талқыланды.
     Семинардың қорытынды бөлігінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салықтөлеушілердің қызықтыратын барлық мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.