Date of publication: 06.09.2017 10:52
Date of changing: 06.09.2017 10:55
 
   2017 жылдың 04 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Маминмен бекітілген 31.03.2017ж. № 11-5/05-1672 «Дербес бюджет және коммуналдық меншікті жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу бойынша Іс-шаралар жоспары» бойынша  Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. Н.С.Құдайбергеновтың және де Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы, Жамбыл облыстық әділет департаменті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті және Жамбыл облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы  өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

 Жиналыс барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтер базасын өзектендіру жұмыстарының  жағдайы, туындап отырған келелі мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.