Date of publication: 23.04.2015 11:24
Date of changing: 23.04.2015 11:28

                       ДАРА КӘСІПКЕР РЕТІНДЕ  ТІРКЕЛУ

      Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.
Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне түрғызу үшін,мына шарттардың бiреуiне сай келу керек:
      - тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын;
       -  жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады, (қазақстан Республикасында 2015 жылға аталған көрсеткіш 256368 теңге құрайды)
.
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;
      2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат (2015 жылға осы көрсеткіш 3964 теңге құрайды);
     3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады (мекен-жай анықтамасы немесе жылжымайтын мүлікті иегері деп саналатын растау құжаттары)
.
      Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің»төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

     Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

     Жеке тұлға жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.

    Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде, төмендегі көрсетілген тұлғалар, тіркеуге төленетін алымынан босатылады:

      а) шаруа немесе фермер қожалықтары;

      б) I, II және  III топтағы мүгедектер;

      в) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын оралмандар.

   Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 269 бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарында тiркеу есебiне қою туралы, дара кәсіпкердің  тіркеу есебі туралы  өтініш берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу – ескерту жасауға әкеп соғады, ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл  ішінде қайталап жасалған іс-әрекет   жеке тұлғаларға – сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

                   АРНАУЛЫ САЛЫҚ  РЕЖИМДЕРІН ҚОЛДАНУ

   Дара кәсіпкер ретінде Мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қойлғанаң кейін, дара кәсіпкерлер келесі арнаулы салық режимдерін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолдануы мүмкін:

1.      жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2.      патент негізінде арнаулы салық  режимі;

3.      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі;

4.      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

       Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:
дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар.

      Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады.
   Арнаулы салық режимін  пайдалану үшін төмендегі салық төлеушілергн қолдануға құқығы жоқ:

·         әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу  объектілері бар салық  төлеушілердің;

·         агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілер.

       Мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілер шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ, олар:

1)      акцизделетін тауарларды өндіруге;

2)      акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткізуге;

3)      мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуге;

4)      лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және

өткізуге;

5)      жер қойнауын пайдалануға;

6)      шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

7)      түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге;

8)      консультациялық қызметтер қөрсетуге;

9)      бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметке;

10)  сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне;

11)  құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке.

       Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 270 бабына сәйкес, арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады, ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл  ішінде қайталап жасалған іс-әрекет   шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (29730 теңге).

 

 

              ПАТЕНТ НЕГІЗІНДЕГІ АРНАУЛЫ САЛЫҚ  РЕЖИМІ

      Патент негізінде арнаулы салық режімін жеке тұлғалар болып табылмайтын және келесі

шарттарға сай келетін, дара кәсіпкерлер қолданады:

1)      қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2)      жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;

3)      салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын (2015 жылға осы көрсеткіш 6409200 теңгеге тең).

      Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады.
     Патент  пайдалану ең төмен мерзімі  бір айдан кем болмау, ал ең ұзақ мерзімі бір жылдан аспауы керек.

      Дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде патент негізінде арнаулы салық  режимін қолданады, келесі жағдайларда:

       а) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген жағдайда;
      б)   ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған жағдайда.
        Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану басталатын күн болып табылады.

       Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын  ұсынады.

    Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.

    Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.

   Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде табыс  етіледі.

      Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты тапсырғаннан кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.

     Патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұруы үшін салық өтінішін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тапсырады.

    Патент құнына жеке табыс салығы, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.

    Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын мәлімделген табыс сомасынан 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:
     1) есептелген соманың 50% мөлшерінде - жеке табыс салығы;

     2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 50% мөлшерінде әлеуметтік салық

түрінде бюджетке төленуге жатады.

      Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепт ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.

        

    ОҢАЙЛАТЫЛҒАН  ДЕКЛАРАЦИЯ   АРНАУЛЫ  САЛЫҚ  РЕЖИМІ

    Оңайлатылған  декларация  негізіндегі арнаулы салық  режимін төмендегі шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер қолданады:

1.      Дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық  кезеңі iшiнде жиырма бec адам  болса;

2.      Салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса (2015 жылға көрсеткіш 29909600 теңге тең).

     Жартыжылдық салық кезеңі болып  табылады.

 

   Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні,
 жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні.

 

  Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

    Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

    Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке  табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

 

   Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 50% мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 50%  мөлшерiнде төленуге жатады.

           

                      ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ  БЕЛГІЛЕНГЕН ТӘРТІП

 

        Аталған салық тәртіпті, келесі  шарттарға сәйкес емес дара кәсіпкерлер қолдануы керек:

·         дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу есебіне қойылғанан  кейін, бюджетпен есептесетін  салық тәртібін мүлдем қабылдамаған;

·          кейбір себептерге байланысты, арнаулы салық режимдерін пайдалануға шектеулі қойылған.

      Дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті барлық кәсіпкерліқ қызметінің түрлеріне қолдануға болады.

 

     Жеке табыс салығы  жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне (табыс сомасы) есептi салық кезеңiнде 10 процент мөлшерiндегi ставканы пайдаланады.

 

     Бюджетке төленетін салық сомасы жалпы нақты таза табыс сомасынан есептеледі, яғни оның ішінен  құжаттармен дәләлденген шығындар сомасы шегеріледі.

 

     Салық  кезеңі   күнтізбелі 1 жыл болып табылады.

 

    Салық төлеуші былтырғы жылдың «Жеке табыс салығының декларация» есепшілігі үлгісін ағымды жылдың  наурыз айының 31-ші жұлдызына дейін кешіктірмей тапсыру міндетті.

 

    Сонымен  бірге, жеке табыс салығын дара кәсіпкер өзі болып тіркелген  немесе орналасқан мекен-жайы бойынша  жеке табыс декларациясы тапсыру бекітілген мерзімінен өткеннең кейін 10 кұнтізбелі қүннен кешіктірмей төлейді, яғни есеп кезеңі жылы өткең соң, ағымды жылдың сәуір айының 10-шы жұлдызына дейін.

 

                           БАҚЫЛАУ-КАССА  МАШИНАЛАРДЫ ЖӘНЕ

                        РОS-ТЕРМИНАЛДАРДЫ  ПАЙДАЛАНУ

           Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын (осыдан әрі- БКМ) қолдану арқылы жүргiзiледi. Осы талап келесі дара кәсіпкерлердіуң ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды:

      1) жеке нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;

    2) патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып қызметін жүзеге асыратын (акцизделетін тауарларды сатушылардан басқа);

   3) ашық сауда нарықтары (базарлар) аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2017 жылдың 1-ші қантарына дейін;

   4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.

Бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:   
       1) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметін бастағанға дейін БКМ салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

      2) тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін (сауда автоматында пайдаланылатын БКМ қоспағанда) немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

     3) БКМ мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

     БКМ есепке қою салық төлеуші БКМ мемлекеттік кірістер органында есепке қою туралы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде БКМ тіркеу нөмірін бере отырып және БКМ-нің карточкасын бере отырып жүргізіледі.

   Сонымен қатар, 2014 жылдың 1-ші қантарынан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіп арқылы қызмет атқаратын дара кәсіпкерлер облыс аумағында  телекоммуникация орналасқан барлық елді  мекендерде банкілік төлем карточкасын кабылдайтын POS-терминалды орнату және пайдалануы міндетті, ал 2016 жылдың 1-ші қантарынан бастап осындай талап Тараз қаласындағы арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкерлерге міндетті болады.

    POS-терминалдарды сатып алу немесе жалға алған жағдайда, тіркеу және техникалық сервис қызметін көрсету  туралы  сұрақтары 2-ші денгейлі банк мекемелерінде реттеледі.

       Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 284 бабының 1-2-ші тармақтарына сәйкес, сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды кезінде БКМ қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша  есебінде тұрмаған БКМ қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады;

ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл  ішінде қайталап жасалған іс-әрекет   шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (29730 теңге).

       Ал, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 284 бабының 3-4-ші тармақтарына сәйкес БКМ чегін немесе тауар чегін бермеу немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру -ескерту жасауға әкеп соғады;

   ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл  ішінде қайталап жасалған іс-әрекет   шағын       кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (39640 теңге).

        Жамбыл  облысы  бойынша  Мемлекеттік кірістер  департаменті

            БАСТАУШЫ  КӘСІПКЕРГЕ  АРНАЛҒАН  ЖАДЫНАМА

                               ШАРУА  НЕМЕСЕ  ФЕРМЕР  ҚОЖАЛЫҚТАРЫ  

                            ҮШІН  АРНАУЛЫ САЛЫҚ  РЕЖИМІ
      Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін таңдауды – дара кәсіпкерді мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен басталуы болып саналады. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
            1)шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;
            2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;

            3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

     Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадайшарттарға сәйкес келген кезде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіншілігі бар:

·         Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы 500 гектар, топырақ-климаттық аймақтардағы шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерінде орналасқан аудандарда (Бетпақ Дала, Балқаш көлі маңындағы құмдар) 1500 гектар болып белгіленген жер учаскесінің шекті алыңан аспаса;

·         Осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырса;

·         Қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса.

 Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы беріледі.

   Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

    Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

   Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн төлеушiлер болып табылмайды- осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстардан, алынатын жеке табыс салығынан, қосылған құн салығынан, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыдан, мүлiк салығынан.

     Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.

     Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып,  500 гектарға дейін – 0,15 % ставка қолдану жолымен жүргізіледі, ал жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
        Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн, айлық есептiк көрсеткiштiң 20 % ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады.      Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы  есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

         Жамбыл  облысы  бойынша  Мемлекеттік кірістер  департаменті